Дарынды балаларға – талантты ұстаз
11-10-2019 17:15
Дарынды балаларға – талантты ұстаз

   2019 жылдың 11 қазанында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК-да «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасының турын өткізу бойынша облыстық бекіту семинары өтті.

   Семинарға Республикалық педагогикалық олимпиаданың қатысушылары - жас мұғалімдер, педагог-психологтар және тәлімгерлер қатысты.

   Олимпиаданың облыстық кезеңіндегі қазылар алқасының мүшелері сайысқа қатысушылармен бірлесіп алдағы республикалық турдың тапсырмаларын талқылап, пікірлермен алмасты.

   Республикалық педагогикалық олимпиада ағымдағы жылдың 30-қазаны мен 1-қараша аралығында Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық жоғары колледжі базасында өтеді.