Информатика, технология және сызу пәні мектеп мұғалімдеріне арналған оқыту курсы
28-10-2019 16:29
Информатика, технология және сызу пәні мектеп мұғалімдеріне арналған оқыту курсы

   2019 жылдың қазан айының 28-і мен қараша айының 02-сі аралығында Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі базасында «Инженерлік 3D модельдеу» тақырыбында IT құзыреттілігін меңгерген информатика, технология және сызу пәні мектеп мұғалімдеріне арналған оқыту курсы өткізіледі.

   Курстың мақсаты - жобалау мен құрастырудың заманауи ақпараттық технологияларын теориялық және тәжірибелік меңгеруді қамтамасыз ету. Осы курс бойынша Қарағанды облысының 20 мұғалімі оқытылып жатыр. Оқытуды Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің жоғары санатты оқытушылары Свердлова Елена Александровна, Цай Дмитрий Владимирович жүргізеді.