Инклюзивті білім беру бойынша МДҰ әдіскерлеріне арналған оқыту семинары
31-10-2019 12:50
Инклюзивті білім беру бойынша МДҰ әдіскерлеріне арналған  оқыту семинары

2019 жылдың 31 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әдіскерлеріне арналған инклюзивті білім беру бойынша  екі күндік семинар өткізілді.

  Семинарда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің және отбасы мен балабақшаның өзара іс-қимылының негізгі мәселелері қарастырылды.

Семинарға 34 педагог қатысты.