Инклюзивті білім беру бойынша МДҰ әдіскерлеріне арналған оқыту семинары
2019 жылдың 31 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әдіскерлеріне арналған инклюзивті білім беру бойынша екі күндік семинар өткізілді.
Семинарда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің және отбасы мен балабақшаның өзара іс-қимылының негізгі мәселелері қарастырылды.
Семинарға 34 педагог қатысты.