Экономикалық пәндер оқытушыларының ОӘБ отырысы.
2019 жылдың 5 қарашасында ҚО ББ ОӘО базасында өңір колледждерінің экономикалық пәндер оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырыс аясында "Атамекен" ҰКП тренері Д.К. Саржанов "Кәсіпкерлік қызмет негіздері" курсын енгізу мәселелері бойынша семинар өткізді. Қарағанды банк колледжінің оқытушы Спанова Н.К. Бизнес-мектебінің жұмысында іскерлік ойындарды қолдану тәжірибесімен бөлісті. Отырысқа облыстың 45 колледжінің өкілдері қатысты.