«STEM Academia» ЖШС Назарбаев университетінің қолдауымен 2019 жылдың 1-2 қарашасы аралығында келесі бағыттар бойынша 5-10 сынып оқушыларына арналған «STEM Олимпиада – Білім берудегі Инновациялар» атты республикалық Олимпиадасын өткізді.
-«Инженерлік математика»(10+ және 14+санаттарында);
- «Бағдарламалау»(10+ және 14+санаттарында);
- «3D модельдеу»(10+ және 14+санаттарында);
- «Ақылды үй және ондағының бәрі»(10+ және 14 + санаттарында).
Қарағанды облысынан олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерден жіберілген өтінімдерге сәйкес 31 команда қатысты (барлығы 26 жетекші, 92 қатысушылар). Оның ішінде «Бағдарламалау» бағыты бойынша - 12 команда, 44 бала; «3D модельдеу» - 14 команда, 36 бала; «Ақылды үй және ондағының бәрі»- 5 команда, 12 бала.
Олимпиада нәтижесі бойынша Қарағанды облысы 7 жүлделі орынды иеленді.
«Инженерлік математика» бағыты бойынша 14 + санатында жеңімпаз атанғандар:
2 орын - Қарағанды қаласының Дарын ММИ командасы;
3 орын - Қарағанды қаласының №93 гимназия КММ командасы.
«Бағдарламалау» бағыты бойынша 14+ санатында жеңімпаз атан атанғандар:
2 орын - Қарағанды қаласының №93 гимназия КММ командасы.
«3D модельдеу» бағыты бойынша 10 + санатында жеңімпаз атан атанғандар:
3 орын - Қарағанды қаласының дарынды балаларға арналған Н.Нұрмақов атындағы ММИ командасы.
«3D модельдеу»бағыты бойынша 14 + санатында жеңімпаз атан атанғандар:
1 орын - Қарағанды қаласының Дарын ММИ командасы;
3 орын - Қарағанды қаласының №103 мектеп лицей КММ командасы.
«Ақылды үй және ондағының бәрі»бағыты бойынша 14 + санатында жеңімпаз атан атанғандар:
1 орын - Қарағанды қаласының Мұрагер ММИ командасы.
Жеңімпаздарға 3D принтерлер, заманауи ноутбуктер, робототехника жиынтықтары, қосымша нақтылық шлемдері, дрон және лагерьге жолдама берілді. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!





umc-ro@umckrg.gov.kz






