Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің халықаралық біліктілікті арттыру курстары
12-11-2019 16:04
Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің халықаралық біліктілікті арттыру курстары

2019 жылдың 11-13 қарашасында Жезқазған қ. Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-лицейі базасында орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Мәдениет пен социумдағы тіл өмірі: мектепте көптілді тұлғаны қалыптастыру мәселелері» тақырыбында халықаралық біліктілікті арттыру курстары өтті.

Курсты Ресей халықтар достастығы университетінің профессоры Синячкин Владимир Павлович өткізді. Оқу курсынан Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының мектептері мен колледждерінің педагогтары өтті.

Курс соңында тыңдаушылар «Ресей халықтар достастығы университеті» Федералды мемлекеттік автономиялық жоғары білім беру мекемесінің біліктілігін арттыру туралы куәлігін алды (Мәскеу қ).