«Футбол сабағының үшінші сағаты»
14-11-2019 15:00
«Футбол сабағының үшінші сағаты»

2019 жылы 14 қарашада оқу-әдістемелік орталығы Абай қаласының №10 МГ базасында республикалық пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша оқыту семинары өтті. Семинарға Қарағанды қаласының футбол орталығының басшысы С.М.Поленов және Теміртау, Шахтинск, Саран қалаларының, Шет, Бұқар Жырау және Жаңаарқа аудандарының мектеп мұғалімдері мен дене тәрбиесіне жетекшілік ететін әдіскерлер қатысты. Іс-шараға 32 педагог қамтылды.