Семинар: «Білім беру технологияларын енгізу арқылы бастауыш мектепте оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту негізігде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру»
2015 жылдың 8 мамыры күні «Оқуға құштарлық» әлеуметтік-педагогикалық жобасы аясында тәжірибе алмасу мақсатында Саран қаласындағы жалпы білім беретін №17 мектебінде бастауыш сынып мұғалімдерінің «Білім беру технологияларын енгізу арқылы бастауыш мектепте оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өтті.
Семинардың мақсаты – серіктес-мектептер арасында кіші мектеп оқушыларының сабақ барысында оқу құзіреттіліктерін жоғарылату барысында тәжірибе алмасу, ата-аналар қоғамдастығын тарта отырып сыныптан тыс іс-шараларды және кітапханашылардың қатысуымен әлеуметтік-педагогикалық «Оқуға құштарлық» жобасын енгізу аясында тәжірибе алмасу.
Жобаны жүзеге асыру аясында Саран қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде ашық сабақтар, сыныптан тыс сабақтар, театрланған қойылымдар арқылы Саран қаласының №6 ЖББМ, №16 ЖББМ, №1 ЖББМ, №17 ЖББМ семинарға қатысушылары бір-бірімен тәжірибе алмасты. Семинар төрт бөлімнен тұрды. Келген қонақтар қаланың бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік әдебиеттер көрмесін тамашалады.
Семинар қатысушылары серіктес-мектептер қатысушыларының барлық іс-шараларға белсене атсалысқандығын атап өтті.