2019 жылдың 11 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде стартап жобалар құрастырушылары мен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы өкілдері, облыстың колледждері директорлары және қызметкерлерінен құралған Қарағанды облысының делегациямен кездесу өтті.
Кездесу барысында Қарағанды облысының өкілдері университетттің қызметімен танысып, «Big Data», «Дәл егіншілік», «Қазақ Беларус», ҒАЖ орталықтарынен, түрлі зертханалар мен өндірістік цехтарды аралап көрді.
Университеттің стартап жобалар құрастырушылары шарaға қатысушылар назарына 2 стартап жобаларын ұсынды. Өз кезегінде Қарағанды облысы колледждерінің өкілдері бұл стартап жобаларға деген үлкен қызығушылықтарын танытып, ҚазАТУ-мен тығыз байланыста жұмыс істеуді көздеп отырғандарын жеткізді.