Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында ақпараттандырудың өзекті мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті
15-11-2019 16:36
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында ақпараттандырудың өзекті мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті

2019 жылдың 15 қарашасында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында ақпараттандырудың өзекті мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңеске қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандары, облыстық мектептердің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары шақырылды.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:

  • робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар "РОБОЛЭНД-2020" халықаралық фестивалін өткізуге дайындық, мұғалімдерді олимпиадаға дайындау, бағдарламалау бойынша оқыту;
  • «Менің өлкем. Қарағанды облысына виртуалды саяхат» облыстық жобасын, «Болашақ инженерлер»жобасы аясында оқыту курстарын өткізу туралы»;
  • электрондық журналдың өзекті мәселелері;
  • сайтты жүргізу;
  • білім беру саласындағы процестерді автоматтандыру.

Семинар-кеңеске осы мәселелерге жетекшілік ететін 40-тан астам маман қатысты. Семинар-кеңес бағдарламасы аясында директордың орынбасары, оқытудың инновациялық түрлері мен электрондық білім беру бөлім меңгерушісі және әдіскерлері сөз сөйледі.Кеңес жұмыс және конструктивтік жағдайда өтті.