Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында «Bilim Media Group» компаниясының ресурстық орталығы ашылды
15-11-2019 16:40
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында «Bilim Media Group» компаниясының ресурстық орталығы ашылды

Білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлерінің АКТ құзіреттілігін арттыру мақсатында 2019 жылдың қараша айының 15 күні   Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында «Bilim Media Group» компаниясының ресурстық орталығы ашылды.  

Ресурстық орталықтың басты мақсаты – мектеп мұғалімдеріне білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы технологияларды, Bilim Media Group инновациялық компаниясының электронды оқыту ресурстарын: bilimland.kz, itest.kz, iMektep.kz, twig-bilim.kz платформаларын қолдану бойынша семинарлар мен тренингтер өткізу. Сондай-ақ оқытушыларда енді онлайн-режимде АКТ қолдану дағдыларын көрсете отырып, орталықта ашық сабақтар өткізуге мүмкіндік бар.

Біз педагогтардың оқу процесінде сандық ресурстарды белсенді қолдануына үміттенеміз, өйткені бұл жалпы оқу процесін жетілдіру мен оңтайландырудың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады.