Арнайы және инклюзивті білім беру
14-11-2019 09:17
Арнайы және инклюзивті білім беру

2019 жылғы 14 қарашада «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №2 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогтарға арналған «Ақыл-ойы бұзылған балаларды оқыту ерекшеліктері» атты облыстық практикалық семинар өтті. Семинарға қатысушылар - Қарағанды облысының стажерлік алаңдары мен магниттік мектептері директорларының орынбасарлары. 30 адам қамтылды.