2019 жылдың 18 қарашасында мамандандырылған мектеп-интернаттарының педагогтары арасындаоблыстық «Жыл мұғалімі» байқауының 2 кезеңі басталды. Бұл кезеңге 11 педагог қатысып отыр. Әр мұғалім бір ашық сабақ пен бір сыныптан тыс іс-шара өткізеді.
Байқауға қатысушылардың жұмысын қазылар алқасы бағалайды. Оның құрамына Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, Қарағанды қаласының Педагогикалық шеберлік орталығының, Қарағанды қаласының білім бөлімінің өкілдері, тәжірибелі педагогтар кіреді.
Сабақты бағалау өлшемдері (5 ұпай):
1. Сабақ типінің мақсатқа сәйкестігі және негізділігі.
2.Сабақтың мазмұнының мәлімделген тақырыпқа, мақсат- міндеттерге сәйкестігі.
3. Сабақтың функционалдық сауаттылықты дамытудағы мүмкіндіктері.
4. Сабақтың мақсат-міндеттеріне қол жеткізу үшін әдістер мен тәсілдерді таңдау негізділігі.
5. АКТ пайдалану.
6. Кері байланыстың нәтижелілігі.
7. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі деңгейі (оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, сабақты ұйымдастыру үдерісінде коммуникативтік қарым-қатынастың сапасы).
8. Сабақты ұйымдастырудағы денсаулық сақтау тәсілдерін қолдану (сабақ темпі, оқу жүктемесінің адекватты көлемі, қызмет түрінің алуан түрлілігі).
9. Инклюзивті тәсіл.
10. Сабақтың тәрбиелік әлеуеті.
11. Сабақ рефлексиясы: қол жеткізген нәтижелердің қойылған мақсат-міндеттерге, олардың көлемі мен сапасына сәйкестігі.
Сыныптан тыс іс-шараны бағалау өлшемдері (5 ұпай):
1. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарын бейнелеу.
2. Мазмұнының, әдіс-тәсілдердің оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.
3. Іс-шараның біртұтастығы, жүйелілігі, жаңашылдығы, нәтижелілігі.
4. Сабақтың барлық кезеңінде балалардың қызығушылығын жоғалтпауы.
5. Сабақтың дамыту әлеуеті: оқушылардың коммуникативтік мәдениетін, өмірлік дағдыларын, ынтымақтастығын, серіктестігін дамыту.
6. Мұғалім мен оқушының іс-шара мәнін түсініп, оны талдай алу қабілетін көрсету.