2019 жылдың қараша айының 22 күні Қарағанды облысында алғаш рет Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының медиаторлары арасында «Үздік медиатор-2019» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: медиация институтының өзектілігі және оны кеңінен насихаттау, білім беру саласындағы медиация институтының дамуына ықпал ету, білім беру жүйесіндегі озық тәжірибені тарату, медиаторлар арасында тәжірибе алмасу алаңын құру.
Байқаудың бірінші кезеңі 1-15 қараша аралығында қашықтықтан өткізілген болатын, оған қатысушылар медиатор портфолиосы және «Мен кәсіби медиатормын» эссесін ұсынды.
Екінші қорытынды кезеңде қатысушылар «Мен кәсіби медиатормын» Pitch-таныстырылымын жасады; медиатор қызметін слайд-шоу, бейнеролик немесе фотокөрме форматында көрсетті; авторлық жоспарларды, бағдарламаларды, әдістемелік материалдарды ұсынды.
Байқауға Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалалары мен Абай және Нұра аудандарының мектеп медиаторлары қатысты.
Байқаудың жеңімпазы болып Балқаш қаласы, №24 мектептің психолог-медиаторы Мусина Альмира атанды. Екінші орын иегері – Антипкина Елена, №14 мектеп-лицей, Абай ауданы.Үшінші дәрежелі диплом Жезқазған қаласының №13 мектебінен келген Темирбекова Динараға табысталды.
«Үздік медиатор-2019» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!