First Lego League бойынша таныстыру презентациясы
25-11-2019 18:46
First Lego League бойынша таныстыру презентациясы

25 қараша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында информатика және робототехника мұғалімдеріне арналған таныстыру семинары өтті. Семинарды робототехникадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы және First Lego League сайыстарының Қазақстан бойынша ресми өкілі Мурзахметов Асылбек өткізді. Ол First Lego League сайыстарының ережелерімен және талаптарымен таныстырды. Таныстырудан кейін First Lego League сайысы өтетін алаң көрсетіліп, әрбір тапсырманың бағалануы туралы айтылды. Саминарды Қарағанды облысының 57 мұғалімі тыңдады.