Облыс колледждері әдіскерлерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті
2019 жылдың 26 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында облыс колледждері әдіскерлерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Барлығы 47 әдіскер қатысты. Жұмыс барысында ОӘО әдіскері, облыстық сараптау кеңесінің хатшысы Г. С. Сарсекеева "2019 жылы ТжКБ инженерлік - педагогикалық қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу туралы" және ҚарМТУ-дың Инновациялық технологиялар колледжінің әдіскері Е. М. Квитко "ТжКБ саласын реттейтін нормативті-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау" тақырыбы бойынша сөз сөйледі.