Педагогикалық пәндер оқытушыларының ОӘБ отырысы
27-11-2019 08:26
Педагогикалық пәндер оқытушыларының ОӘБ отырысы

2019 жылдың 27 қарашасында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде педагогикалық пәндер оқытушыларының ОӘБ отырысы өтті.

Отырыс бағдарламасына сәйкес ОӘБ жетекшісі Шаповалова Н.П. 2019-2020 оқу жылына арналған ОӘБ жұмыс жоспарымен, сонымен қатар білім беру саласындағы және нормативтік құжаттардағы өзгерістермен таныстырды.

Әрі қарай ОӘБ жетекшісі Н.П. мен колледж оқытушысы, Worldskills Kazakstan 2019 Ұлттық чемпионатының бас сарапшысы Зейнетоллина У.К. Worldskills стандарттарына және заман талаптарына сай педагогикалық мамандықтардың мамандарын дайындау туралы баяндама жасап, сонымен қатар №2 Челябинск педагогикалық колледжіне,   Worldskills Kazakstan 2019 Ұлттық чемпионатына сапар жөнінде есеп берді.

Колледж педагог-психологы Козлова Е.О. сайыскерлерді психологиялық сүйемелдеу жөнінде баяндама жасап, ұсыныстарын беріп, облыс колледж психологтарымен осы сұрақ бойынша жасалынатын жұмыстар жоспарымен бөлісті.

Колледж оқытушылары, Ұлттық чемпионат бас сарапшылары  Зейнетоллина У.К. мен Идрисова М.А., колледж оқытушысы,  Ұлттық чемпионаттың техникалық сарапшысы Галеева Г.Р. Worldskills Karaganda 2020 аймақтық чемпионатының тапсырмаларымен таныстырды.

Отырыс соңында талқылаулар жасалынып, отырыс қорытындысы жасалды.