2015 жылдың 18 мамырында Қарағанды қаласының №3 музыка мектебі базасында педагог-психологтарға және әлеуметтік педагогтарға арналған «Визит картасы-2015» және төзімділік мәдениетін дамыту бойынша қосымша білім беретін педагогтарға арналған «Өзімен және өзгемен бейбітшілікте болу» атты облыстық конкурс қатысушылары мен жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
«Визит картасы-2015» конкурсына 71 адам қатысты. 20 – 1,2,3 дәрежелі дипломдармен, «Мен-тапқырмын», «Мен-позитивпін», «Мен-жаңашылмын», «Мен кәсіпқоймын», «Мен кемелмін» номинациялары бойынша марапатталды, сондай-ақ естелік сыйлықтар берілді, 51 адам қатысушы сертификаттарына ие болды.
«Өзімен және өзгемен бейбітшілікте болу» конкурсына 39 материал ұсынылған. Конкур келесі номинациялар бойынша өтті:
- жоба; элективті курс бағдарламасы; сыныптан тыс шара дайындау; видеоролик.
2 және 3 дәрежелі дипломдармен 9 жұмыс, 7 жұмыс белсенді араласқаны үшін грамотамен марапатталды. Өзгелеріне қатысушы сертификаты табысталды.