Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысы аясындағы облыстық семинар
28-11-2019 14:38
Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысы аясындағы облыстық семинар

2019 жылдың 28 қарашасында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысы аясында «Рухани құндылық пен көптілділік бағытын замана таразысында тең ұстау - жаңашыл ұстаздың біліктілігі» облыстық семинары өтті.

Семинарға облыс колледждерінен 36 оқытушы қатысты.

Семинар басында колледж студенттері колледж директорының орынбасарының жетекшілігімен семинар қатысушыларын құзыреттілік орталығының жұмысымен үш тілде таныстырды.

Семинардың негізгі бөлімінде қазақ тілі, биология, география пәндерінен ағылшын тілімен біріктірілген 3 бинарлық сабақтар, Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша іскерлік ойын өткізілді.

Семинардың екінші бөлімінде қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, ағылшын тілі пәндері бойынша 3 шеберлік сағаты мен студенттердің үш тілде жоба қорғауы өткізілді.

Семинар соңында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай» әдеби қойылымымен үйірме жұмысы көрсетілді.

Семинар қорытындысында қатысушылар ойларымен бөлісіп, өткізілген шараларды талқылап, ұсыныстары мен тілектерін айтты.

Семинар жоғары деңгейде өтті.