Құқық» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
29-11-2019 13:41
Құқық» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестік отырысы

2019 жылдың 29 қарашасында Теміртау жоғары политехникалық колледжінде «Құқық» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестік отырысыөтті.

Отырысқа облыс колледждерінен 13 оқытушы қатысты.

Отырыстың бағдарламасына сәйкес  Теміртау жоғары политехникалық колледжі құқықтық пәндер оқытушылары Оскеева Б.Р. мен Жумадилова Ж.А., Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі құқықтық пәндер оқытушысы Койшыбаева К.Ж., Қарағанды «Bolashaq» жоғары  колледжі  құқықтық пәндер оқытушысы Омарова А.К. баяндамалар оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Теміртау жоғары политехникалық колледжі құқықтық пәндер оқытушысы Сулейменова А.Е. «Құқықтық пәндерді оқыту процессінде геймификация  технологиялары» тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, сонымен қатар «Құқықтану» мамандығы бойынша 2 курс студенттерімен геймификация технологияларын қолдана отырып сабақтан тыс шара өткізді.

Отырыс соңында пікір талас жүргізіліп, отырыс қорытындысы жасалды.