Білім беру саласындағы әлеуметтік-педагогикалық инновациялардың III Областық Жәрмеңкесі
05-12-2019 20:49
Білім беру саласындағы әлеуметтік-педагогикалық инновациялардың III Областық Жәрмеңкесі

2019 жылдың 5 желтоқсанында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінде білім беру саласындағы әлеуметтік-педагогикалық инновациялардың III Областық Жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкені өткізу мақсаты: талантты педагогикалық қызметкерлерді және олардың кәсіби өсуін анықтап, қолдау, білім беру саласындағы әлеуметтік маңызды бағыттардың тиімді шешімдерін жарыққа шығару.

Жәрмеңкеге Қарағанды облысыныңмектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан, жалпы білім беретін мектептерінен, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан, сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Көкшетеу қалаларының білім беру ұйымдарынан 162 қатысушы қатысты.

Жәрмеңке жұмысы көрмеден (интеллектуалдық өнімді көрсету), презентациялық алаңдар жұмысынан, шеберлік сағаттар өткізуден, «Қазақстандағы WorldSkills қозғалысы. WorldSkills чемпионатының қатысушылар психологиялық сүйемелдеу» дискуссиялық алаңынан, «Жастардың кәсіпкерлікпен айналысуы карьералық стратегия ретінде» дөңгелек үстелден тұрды.

Шеберлік сағатын Жәрмеңкенің 47 қатысушысы өткізді. Шеберлік сағатын өткізген барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.

Презентациялық алаңдарда өздерінің жұмысын 61 қатысушы көпшіліктің назарына ұсынды. Презентациялық алаңда жұмыс жасаған барлық педагогтер мадақтамалармен марапатталды.  

Көрмеге 150 интеллектуалдық өнім қойылды.

Ең үздік жұмыстар комиссия құрамымен таңдалынып алынып, алтын, күміс, қола сертификаттармен марапатталды.

Комиссия құрамында Қарағанды облысының педагог қызметкерлерінің «Өрлеу» біліктілігін арттыру институтының филиалының қызметкерлері, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемелекеттік университетінің оқытушылары, Саран қаласы Білім басқармасының мамандары болды.

Колледждер арасында үщдік жұмыстары үшін сертификаттармен келесі қатысушылар марапатталды:

• «Алтын сертификатпен» - Кошкинова Назгуль Алихановна, Теміртау жоғары политехникалық колледжі, «Arduino-да жобалау»;

• «Күміс  сертификатпен» - Корчагина Екатерина Игоревна, Базылевская Анастасия Сергеевна, Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі, «Lingvaland» жаздық лингвистикалық лагерінің жұмысы»;

• «Қола сертификатпен» - Жумадилова Сандугаш Маратовна, Қарағанды гуманитарлық колледжі, «Ұлы даланың жеті жарғысы».

Жалпы білім беретін мектептердің ішінен келесі жұмыстар үздік деп танылды:

• «Алтын сертификат» - Жұмаділдә Сандуғаш Сләмбекқызы, Кервенова Булбул Сыздыковна, Хасенова Ардак Калижановна, Байболатова Анар Баймырзақызы, Бұқар жырау ауданы, «Көкпекті ОЖББМ, «Лэпбук және оны қолдану»;

• «Күміс  сертификат» - Темірғалиева Жанар Қайратқызы, Қарағанды қаласының №51 негізгі орта мектебі, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дамыту ойындарының жиынтығы. Лэпбуктерді құрастыру»;

• «Қола сертификат» - Коряка Валерий Валерьевич, Саранқаласының №6 ЖББМ, «Жалпы білім беретін мектепте CLIL технологиясын қолдана отырып көптілді білім беруді жүзеге асыру».

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ішінен үздік жұмыстары үшін келесі қатысушылар марапатталды:

• «Алтын сертификатпен» - Петкер Любовь Фаридорна, Саран қаласы «Березка» балабақшасы, «Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған «Ақылды ойындар» дидактикалық ойындары»;

• «Күміс  сертификатпен» - Панфилова Анастасия Александровна, Деветьярова Людмила Александровна, Саран қаласы «Колокольчик» балабақшасы, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысындағы қазіргі заманғы денсаулық сақтау технологиялары»;

• «Қола сертификатпен» - Сейтбекова Мадина Кырыкбаевна, Саран қаласы «Балғын» бөбекжайы,«Қазақ тілін оқытуда жаңа инновациялық технологияларды қолдану».

Сонымен қатар «Инновация бастауы» номинациясы бойынша «ECO-TRUK мобильды жиынтығы– экологиялық мәдениеттің дамуының инициаторы»жұмысы үшін Теміртау жоғары политехникалық колледжі оқытушылары Жуман Дидар, Емельянова Оксана Валерьевна, Клименкова Елена Сергеевнаға сертификат табысталды.