Үштілді білім беруді жүзеге асыру аясында облыстық форум
20-12-2019 11:05
Үштілді білім беруді жүзеге асыру аясында облыстық форум

2019 жылдың 20 желтоқсан күні «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернат базасында  үштілді білім беруді жүзеге асыру аясында облыстық форум өтті. Форумға қалалық, аудандық білім бөлімдерінің үштілділік бойынша әдіскерлері, облыстық мектептердің пән мұғалімдері, үштілді білім беруді енгізу бойынша пилоттық мектептердің пән мұғалімдері қатысты.

Форумның пленарлық отырысына Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА үштілді білім беру орталығының директоры А.К. Мұхаметжанова, Нұр-Сұлтан қаласындағы кітабының авторы, аудармашы Е.Мельсұлы қатысты.

«Үштілді білім беру: қазір және даму болашағы» облыстық форумы барысында панорамалық сабақтар, вариативтік курстар, сыныптан тыс іс-шаралар және облыстық білім беру ұйымдарында үштілді білім берудің қазіргі жағдайы мен дамуы туралы пікір алмасу, талқылау жұмыстары жүргізілді.