Колледж директордың оқу - өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ отырысы
13-12-2019 16:22
Колледж директордың оқу - өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ отырысы

2019 жылдың 13 желтоқсанында "Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі" КММ базасында Worldskills халықаралық стандарттарын енгізу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында директордың оқу - өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырысқа 32 адам қатысты. Магрупбеков Е. Е., Жамилева Г. М., Поповцева А. Ю., Салина Т. В., Фартушкевич В. И., Алтайбаев Р. К. сияқты колледж оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері жұмыс тәжірибесімен және баяндамаларымен бөлісті. Құзыреттілік орталығында өндірістік оқыту шеберлері: Тұрғанбек К. К., Дүйсенбеков С. Сонымен қатар, арнайы пән оқытушылары - Спамбекова Б. А., Акушева С. М. кірпіш қалау және плиткамен қаптау бойынша панорамалық мастер-класс көрсетті. Отырыс соңында талқылау, пікір алмасу және қорытынды жасалды.