ТжКБ педагог-психологтарының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы
26-12-2019 09:39
ТжКБ педагог-психологтарының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы

2019 жылдың  26 желтоқсан күні «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті. Іс-шара тақырыбы: "WorldSkills чемпионатына студенттерді дайындаудың психологиялық аспектісі". Отырыста қатысушыларға психологиялық қолдаудың өзектілігі, студенттерді чемпионатқа қатысуға дайындау бойынша жұмыс жоспарын құру және психодиагностикалық құралдар сияқты мәселелер қаралды. Педагог-психологтар Козлова Е. О., Серикова С. К. және Шаповалова Т. Ю. миға шабуыл жасау тренингтін пайдалана отырып, отырыстың қойылған мақсаттарына жетті. Іс-шараға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 22 педагог-психологы қатысты.