«Білім беру ұйымдарында робототехниканы оқыту әдістемесі» курсы.
08-01-2020 20:30
«Білім беру ұйымдарында робототехниканы оқыту әдістемесі» курсы.

4 сыныптарда берілетін информатика пәнінің үлгілік оқу жоспарына  робототехника бөлімінің қосылуына байланысты 2020 жылдың қаңтар айының 5-8 аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында  информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Білім беру ұйымдарында робототехниканы оқыту әдістемесі» курсы өткізілді.

Аталған курста мұғалімдер бағдарламалық жабдықтауды, робототехника жиынтығының құрамын зерттеуді, бағдарламалаудың негізгі тәсілдерін және оқыту роботын жинауды үйренді.

Курсқа Қарағанды облысының 14 мұғалімі қатысты. Курсты информатика және робототехника мұғалімі Акылтаев Дулат Сагадатович жүргізді.

Курстың тыңдаушылары аталған курстың информатика пәні мұғалімдері үшін өзектілігі мен маңыздылығын, сонымен қатар әдістемелік көмектің уақытылы көрсетілгенін және берілген материалдың қол жетімділігін атап өтті.