«Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» облыстық бауқаудың сайтына техникалық қызмет көрсету туралы онлайн-кеңес.
10-01-2020 09:29
«Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» облыстық бауқаудың сайтына техникалық қызмет көрсету туралы онлайн-кеңес.

2020 жылдың қаңтар айының 10 күні sabak.kz сайтында Karaganda_Obl_UMC бөлмесінде «Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат»  облыстық бауқауының сайтына техникалық қызмет көрсету туралы онлайн-кеңес өткізілді. 

Байқаудың негізгі мақсаты: оқыту барысындағы жаңашыл ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын дәріптеу, білім беру ұйымдары мұғалімдерінің және оқушыларының құзыреттілігін, АКТ-ның дағдыларын игеру және дамыту, сонымен қатар оқушылардың туған жерімен тереңірек танысу.

Келіп түскен сұраныстарға сәйкес, ағымдағы жылы байқауға Қарағанды ​​облысының 66 білім беру ұйымдарының қатысуы жоспарланған.

Кеңес барысында фотосуреттерді панорамалық режимде қалай дұрыс құру керектігі, оларды қандай бағдарламалар арқылы 3D форматта модельдеуге, сайтқа қалай жүктеуге болатындығы және т.б. түсіндірілді.

Кеңесті инновациялық оқыту түрлері және электрондық білім беру бөлімінің әдіскері Қали Арайлым Ардаққызы, сайт модераторы, «М.Жұмабаев атындағы № 39 гимназия» КММ робототехника мұғалімі Бердиxоджаев Адилбек Сайлауович өткізді.