«Өзін-өзі тану» бағыты бойынша ОӘБ отырысы.
08-01-2020 16:01
«Өзін-өзі тану»  бағыты бойынша ОӘБ отырысы.

2020 жылдың 08 қаңтарында "Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі" КММ базасында «Өзін-өзі тану» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

Отырысқа облыс колледждерінің 30 өзін-өзі тану пәнінің оқытушылары қатысты.

Карағанды тау-кен индустриалдық колледжінің директоры Елубаев Бауыржан Санаковичтің құттықтау сөзінен кейін ОӘБ басшысы Абельгазина А. О.сөз сөйледі.

Отырыс бағдарламасына сәйкес ҚО ББД ОӘО ТжКБ әдіскері М. С. Толекова «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасымен таныстырды.

Бұдан әрі ОӘБ жетекшісі А. О. Абельгазина ағымдағы оқу жылына арналған ОӘБ жұмысының жоспарын талқылауға ұсынды.

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер талқыланып, ОӘБ басшысы А. О. Абельгазинаотырыстың қорытындысын шығарды.