"Ғасыр тарихы" зерттеу жобаларының облыстық сайысы
21-01-2020 08:32

2020 жылдың 21 қаңтарында "Қарағанды көлік-технологиялық колледжі" КММ базасында "Темір жол көлігі" бағыты бойынша ОӘБ  жұмысының аясында "Ғасыр тарихы" зерттеу жобаларының облыстық сайысы өтті. Барлығы облыстың 24 колледжінен 32 студент қатысты. Байқау үш номинация бойынша өткізілді: 1. Темір жол көлігінің даму тарихы; 2. Теміржолшылар әулеті; 3. Теміржолшылар ардагерлері. Байқау соңында жеңімпаздар анықталды. Бірінші номинация бойынша: 1 орын - Төлеубек А. ("Жезқазған бизнес және көлік колледжі" ЖМ); 2 орын - Федулов Г., Аубакиров А., Омаров А. (ҚарМТУ жанындағы инновациялық технологиялар колледжі); 3 орын - Терещенко К. ("Қарағанды жоғары политехникалық колледжі" КМҚК). Екінші номинация бойынша: 1 орын - Абласанова А. ("Қарағанды теміржол колледжі" КММ); 2 орын - Косицин Н. ("Қарағанды жоғары политехникалық колледжі" КМҚК); 3 орын - Шаймердинов Д. ("Қарағанды теміржол колледжі" КММ). Үшінші номинация бойынша: 1 орын - Мәжіліс Ж. ("Жезқазған бизнес және көлік колледжі" ЖМ); 2 орын - Абдибаев К. ("Қарағанды көлік - технологиялық колледжі" КММ"); 3 орын-Қаратай А. ("Қарағанды теміржол колледжі" КММ). Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды, барлық қатысушылар мен жетекшілерге сертификаттар берілді.