«Менің өмірімдегі эко-мектебім» Теміртау қаласының колледждарында
21-01-2020 09:52
«Менің өмірімдегі эко-мектебім» Теміртау қаласының колледждарында

2020 жылғы 21 қаңтарда Теміртау жоғары политехникалық колледжінде «Менің өмірімдегі эко-мектеп» жобасы аясында кеңес беру-ақпараттық күн өтті. Іс-шара аясында ТҚҚ өңдеу бойынша «ECO-TRUCK» мобильді пункті, «Электровелосипед» көрмесі, «Қайта өңдеуге жіберу. Екінші өмір», «Қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі оқу кабинетінің макеті», «EcoTransport» және т.б. демонстрациясы өтті. Колледждің волонтер студенттері ЭКО-пакеттердің тұсаукесері бойынша флэшмоб орындады. Арнайы пәндер оқытушысы Е.С.Клименкова «Көміртекті ізді есептеу» атты танымдық мастер-класс өткізді, онда қатысушылар ақпаратпен ғана емес, сонымен қатар «СО2» бағдарламалық өнімінің көмегімен өздерінің көміртекті ізін есептей алды. Іс-шараға Теміртау қаласының 6 колледжі және 10 мектебі қатысты.