Қарағанды облысының балаларға қосымша білім беру ұйымдарының директорларымен семинар-кеңес
22-01-2020 17:27
Қарағанды облысының балаларға қосымша білім беру ұйымдарының директорларымен семинар-кеңес

2020 жылдың 22 қаңтар күні «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК базасында балаларға қосымша білім беру ұйымдарының директорларымен семинар-кеңес өтті.

Кеңес барысында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында қосымша білім беру ұйымдарының  педагогтарының жұмысын ұйымдастырудың өзекті мәселелері қаралды.

Семинарға Қарағанды облысының балаларға қосымша білім беру ұйымдарының 42 директоры қатысты.