Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының және Теміртау қаласының білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Теміртауқаласының №1 гимназиясы" КММ-де "Жаратылыстану пәндері бағытындағы қос тілділікті оқу үдерісінде цифрландыру" атты облыстық семинар өтті. Семинарға Теміртау, Абай, Саран, Шахтинск қалаларының, Нұра және Жаңаарқа аудандарының мектептерінен 32 педагог қатысты.
Семинар аясында гимназия педагогтары билингвалды оқытуды жүзеге асыру және сандық білім беру ресурстарын жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша оқу және сабақтан тыс іс-әрекетке енгізу бойынша өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Химия және информатика мұғалімдері Е. М. Кадысева "Химия ағылшын тілінде" және "Информатика ағылшын тілінде"элективті курстарының авторлық бағдарламаларын ұсынды. Педагогтер іс жүзінде аталған бағдарламалардың іске асырылуын көрсетті: қонақтардың назарына билингвалды курстар сабақтарының үзінділері ұсынылды.
Гимназия педагогтары ғылыми-жаратылыстану циклы сабақтарында интерактивті технологиялар мен сандық білім беру ресурстарын пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесінің панорамасын ұсынды. Мұғалімдер Е.Г. Гришко, А. В.Украинская, С.Д.Сикорский жаратылыстану және биология сабақтарында сандық платформалармен жұмыс істеу тәсілдері қызықты болды.
Мастер-класста облыс мұғалімдері Google ресурстары арқылы білім алушылардың формативті және жиынтық жұмыстарын жүргізу және бағалау процесін қалай автоматтандыруды білу ғана емес, сондай-ақ осындай жұмысты өз бетінше жасауға тырысты. Бастауыш сынып мұғалімі Носова О. В. қонақтардың қызығушылығын тудырды. UCHi.RU балалардың сабақтан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастыруда жақсы көмекші болып табылады.
11-сынып гимназистері сандық технологияларды пайдалана отырып, географиядан білім беру ресурстары сериясын – қолданбалы жобаларын ұсынды, сонымен қатар бейне-контент бағдарламаларының көмегімен мотивациялық білім роликтерін құру бойынша тәжірибесімен бөлісті (жетекшілері И. Ю. Кулик, Е. В. Портнягина)
Бастауыш сынып мұғалімі Ю.К. Васьковскаяның семинардың әртүрлі кезеңдерінде өткізген рефлексия, соның ішінде Kahoot платформасы арқылы цифрлы!, Plickers, Google Forms облыс педагогтарының сабақтарда және билингвалды курстарда сандық білім беру ресурстарын өз тәжірибесіне енгізугедеген қызығушылығын көрсетті.