«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету» тақырыбында онлайн-кеңес.
07-02-2020 18:13
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету» тақырыбында онлайн-кеңес.

7 ақпан күні Қарағанды облысының полиция департаментінің бастамасымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету» тақырыбында онлайн-кеңес өтті.

Іс-шараның модераторы Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әдекенова Бақтыгүл Науқанбайқызы қатысушыларды негізгі қарастырылатын мәселелермен таныстырды.

Онлайн режимде кеңеске қатысушылар: Қарағанды облысының 300-ге жуық мектептерінің директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер, сынып жетекшілері. Ал кеңес залында колледж директорлары, сондай-ақ олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер қатысты.

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өзекті сұрақтар негізінде Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Исмагулов Курмангали Жардемович; Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Оразбаев Арман Алипбаевич; Қарағанды облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Туркешев Кайрат Какишевич мәлімдеме жасады.

Кеңеске қатысушылар білім беру ұйымдарының оқушыларымен бірлескен алдын алу жұмыстарын ұйымдастырудың, сондай-ақ қадағалаусыздық пен панасыздықтың алдын алудың, балалардың отбасынан өз еркімен кетуінің, мектеп пен колледж оқушылары жол берген құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі мәселелерін талқылады.