2020 жылдың 29 қаңтар мен 7 ақпан аралығында 11 колледждің Құзыреттілік орталықтарында келесі 30 құзыреттілік бойынша WorldSkills Karaganda 2020 аймақтық чемпионатының сарапшы – компатриоттарының отырысы өтті:
1. «Қарағанды технология және сервис колледжі»КММ-«Киім дизайны және үлгілеу»(06.02.2020ж.);
2. «Қарағанды тау–кен индустриалды колледжі»КММ-«Дәнекерлеу технологиялары»(04.02.2020ж.);
3. «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ - «Аспаздық іс», «Кондитерлік іс», «Мейрамхана қызметі», «Наубайхана ісі» (07.02.2020ж.);
4. «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК - «Веб-дизайн» (06.02.2020ж.), «Инженерлік графика CAD» (31.01.2020ж.), «Бизнес үшін IT-шешімдер» (03.02.2020ж.), «Жүктерді жөнелту» (30.01.2020ж.), «Прототирлеу» (03.02.2020ж.);
5. «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ - «Слесарлық іс» (04.02.2020ж.);
6. «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ - «Кірпіш қалау », «Сырлау және сәндік жұмыстар», «Плиткамен қаптау», «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» (05.02.2020ж.), «Сантехника және жылыту», «Флористика», «Электромонтаж», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» (07.02.2020ж.);
7. «Қарағанды кәсіби техникалық колледжі» КММ - «Шаштараз өнері», «Графикалық дизайн» (29.01.2020ж.);
8. «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК - «Ветеринария» (30.01.2020ж.), «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеуші-слесарь» (03.02.2020ж.);
9. «Қарағанды көлік – технологиялық колледжі» КММ - «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Шанақ жөндеу», «Автобояу» (03.02.2020ж.);
10. «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК - «Мектепке дейінгі тәрбие», «Бастауыш білім беру» (05.02.2020ж.);
11. «Шахтинск технологиялық колледжі»КМҚК- «Электроника» (06.02.2020ж.);
Бұл отырыстарға облыс колледждерінің 243 сарапшы – компатриоттары қатысты. Отырыстың бағдарламасына сәйкес аймақтық чемпионатты өткізу ережелерін талқылау, құзыреттіліктер бойынша сайыс тапсырмаларының жобасын қарастыру, чемпионатты ұйымдастыру және дайындық жұмыстарының жоспарын бекіту, чемпионатты өткізу мерзімін анықтау және тағы басқа ұйымдастыру сұрақтары қарастырылды.
Отырыстың нәтижесі бойынша сарапшы – компатриоттардың ұсыныстарына сәйкес сайыс тапсырмаларына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу және облыс колледждеріне сайыс тапсырмаларын ақпан айының аяғына дейін жіберу туралы шешім қабылданды.