2020 жылдың 10 ақпанында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында сарапшы – компатриоттардың «Медициналық және әлеуметтік күтім» жаңа құзыреттілігі бойынша отырысы өтті.
Отырысқа облыстың 4 медициналық колледждерінің сарапшы – компатриоттары, бас сарапшы және бас сарапшының орынбасары, «Қарағанды медициналық интерколледжінің» бас директоры А. Н.Нурбеков қатысты.
ҚО ББД ОӘО техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі А.А.Кнашина отырысқа қатысушыларды аймақтық чемпионаттың өткізілу ережелерімен толық таныстырып, чемпионаттың өту мерзімі мен ұйымдастыру жумыстарының жоспары жөнінде айтты.
Әрі қарай «Медициналық және әлеуметтік күтім» жаңа құзыреттілігінің орталығы болып табылатын «Қарағанды медициналық интерколледжінің» бас директоры А. Н.Нурбеков медициналық колледждер студенттерінің арасында WorldSkills чемпионатының өткізілуінің маңыздылығын атап өтті.
Отырыс соңында Құзыреттілік орталығының бас сарапшысы Д.Е.Дусекеева сайыс құжаттарының жобасын ұсынып, аймақтық чемпионатты өткізу бойынша сұрақтарды талқылады.