2020 жылдың 12 ақпанында ҚарМТУ жанындағы инновациялық технологиялар колледжінде әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің «Әдістемелік өнімді әзірлеу» тақырыбында кезекті отырысы өтті. Отырысқа 54 адам қатысты.
Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінің әдіскері Е.А. Кашина, оқытушылары Н.П. Шаповалова, М.А. Федькина, А.К. Муфталова баяндама оқып өз тәжірибелерімен бөлісті. Отырыс аясында «Кәсіби жану синдромының алдын алу» тақырыбында тренинг элементтерімен тәжірибелік сабақ өткізілді. / Е.О. Козлова / Сонымен қатар Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінің және ҚарМТУ жанындағы инновациялық технологиялар колледжінің оқытушылары жалпы білім беру мен арнайы пәндер бойынша құрастырған оқу-әдістемелік құралдары көрсетілді. Отырыс соңында әдіскерлер пікірлерімен алмасып, қорытынды жасалды. Сертификаттар табысталды.