Колледждердің дене тәрбиесі оқытушылары арасында өткен "Дене тәрбиесінің үздік оқытушысы" атты облыстық байқауы.
14-02-2020 12:06
Колледждердің дене тәрбиесі оқытушылары арасында өткен

2020 жылдың 13 ақпанында "Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық - техникалық колледжі" КМҚК базасында колледждердің дене тәрбиесі оқытушылары арасында "Дене тәрбиесінің үздік оқытушысы" облыстық байқауы өтті. Барлығы еңбек өтілі 5 жылдан 7 жылға дейінгі - 12 жас оқытушы қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты - дене тәрбиесі оқытушыларының шығармашылық бастамаларын қолдау, кәсіби өсуге ықпал ету. Байқау төрт кезеңнен тұрды:

I кезең – «Мен білікті маманмын» (Визит карточкасы).

II кезең – «Менің сабағым»

III кезең – «Менің білімім» (пән бойынша тестілеу)

IV кезең – «Жеке портфолио»

Байқаудың қазылар алқасы ретінде Қарағанды мемлекеттік университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы - Бағдаулет Тілеубек, Қарағанды облысы Саран қаласының спорт бөлімінің өкілі – Гаршанова Ирина Роландовна шақырылды.

"Дене тәрбиесі пәнінің үздік оқытушысы" байқауының төрт кезеңінің нәтижесі бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды. I орын Кантеев Айдар Қалиұлы ("Қарағанды жоғары политехникалық колледжі" КМҚК); II орын Баймолдин Ардан Өміртайұлы ("Саран гуманитарлық - техникалық колледжі" КМҚК); III орын Можанин Олег Александрович ("Абай көп салалы колледжі"КМҚК). Жеңімпаз бен жүлдегерлер "Үздік дене тәрбиесі оқытушысы-2020" кубогымен, медальдармен және мадақтау қағаздарымен марапатталды.