КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «МЕНІҢ ЖОБАМ» СЕМИНАРЫ
14-02-2020 12:08
КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА  АРНАЛҒАН «МЕНІҢ ЖОБАМ» СЕМИНАРЫ

2020 жылдың 13 ақпанында  «Бизнес жайлы» ЖШС  оқу орталығы «Кәсіпкерлік қызмет негіздері»  курсын өткен колледж оқытушылары үшін «Менің жобам» атты семинар өткізді. ҚО ББД оқу әдістемелік орталығында өткен бұл семинарда облыстың 20 мемлекеттік колледждерінің оқытушылары командамен жобаны жүргізудің  тәжірибелік дағдыларын меңгерді. «Бизнес жайлы» ЖШС оқу орталығының жаттықтырушылары Шиллер Марина және Тен Юлиана ойын технологияларын  қолдана отырып, семинар барысында тыңдаушылармен "Бизнес-модельдің өзгерістерін меңгеру ", "Студенттердің мотивациясы", "Топ құру", "Жобадағы рөлдерді бөлу" сияқты тақырыптарды қарастырды.