2020 жылдың 14 ақпанында Қарағанды гуманитарлық колледжінде колледж оқытушылары арасындағы "Үш тілді білім: тәжірибе, өзекті мәселелер, перспективалар" атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға облыс колледждерінің 55 оқытушысы қатысты.
Сонымен қатар конференция жұмысына академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ тілін дамыту және латын графикасына аудару орталығының жетекшісі, ф.ғ.к., доцент М.А.Тұрсынова және "Мұрагер" мамандандырылған мектеп-интернатының оқытушысы А.Х.Хамитова да қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Конференция жұмысы келесі үш секциялық бағыт бойынша өткізілді:
1. "Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудың әдістері, мәселелері және перспективалық бағыттары" (информатика, физика, химия, биологияны оқыту әдістері);
2. «CLIL әдістемесін еңгізу мен дамытудың өзекті мәселелері» (CLIL-Content and Language Integrated Learnin);
3. «Мемлекеттің даму стратегиясы аясындағы Қазақ тілі мәртебесінің мәселелері» (латын әліпбиіне көшу мәселелері).
Әр секция бойынша қатысушылар колледждерде үштілді білім беруді еңгізу бойынша өз жұмыстарын ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті.
Конференция қорытындысы жасалып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен конференция материалдарының жинақтары табыс етілді.