WorldSkills Karaganda 2020 аймақтық чемпионатының «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша сарапшы-компатриоттардың отырысы
18-02-2020 10:03
WorldSkills Karaganda 2020 аймақтық чемпионатының  «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша  сарапшы-компатриоттардың отырысы

2020 жылдың 17 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында жаңа құзыреттілік орталығы осы жылы Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжінде өткізілетін «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша сарапшы-компатриоттардың отырысы өтті.

Отырысқа облыстың 4 колледждерінің сарапшы-компатриоттары және бас сарапшы қатысты.

ҚО ББД ОӘО техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі А.А. Кнашина  қатысушыларды өңірлік чемпионатты өткізу ережелерімен толық таныстырып, чемпионатты өткізу мерзімін және чемпионатты ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспарын айтты.

Отырыс соңында Құзыреттілік орталығының бас сарапшысы А.Т. Тусупбаев конкурстық құжаттама жобасын және Worldskills Championship Studica жарыстарына арналған жабдықтардың ресми жиынтығын ұсынып, аймақтық чемпионатты өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелерін талқылады