2020 жылдың 20 ақпанында Қарағанды теміржол колледжінде директорлардың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті. Барлығы 39 адам қатысты.
Отырыс тақырыбы «Колледждегі дуалды оқыту жүйесін іске асыру».
Отырыс бағдарламасына сәйкес Қарағанды темір жол колледжінің өндірістік оқыту шеберлері Е.Д. Балғабеков, Д.Ж. Абдин және әлеуметтік серіктес, Ақадыр машинизацияланған жол дистанциясының өкілі А.С. Сагимбаева дуалды оқыту бойынша жұмыс тәжірибесі туралы баяндама оқыды.
ОӘБ жұмысына Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы К.А. Оспанова қатысты.
Колледждің оқу-өндірістік шеберханаларына экскурсия жасалды. Демонстрациялық жұмыстар бейнеформатта ұсынылды.
Отырыс соңында қорытынды жасалып, пікір алмастырылды. Сертификаттар табыс етілді.