Тарих және әлеуметтік- гуманитарлық пәндер оқытушыларының шығармашылық жұмыстарының облыстық сайысы
21-02-2020 18:01
Тарих және әлеуметтік- гуманитарлық пәндер оқытушыларының шығармашылық  жұмыстарының облыстық сайысы

2020 жылдың 21 ақпанында  Қарағанды технология және сервис колледжінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі шеңберіндегі облыс колледждерінің тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының шығармашылық жұмыстарының облыстық сайысы өтті.

Сайысқа облыс колледждерінің 26 оқытушысы қатысты.

Байқау үш номинация бойынша өткізілді:

1.      «Бейнеролик және бейнефильм» ;

2.     «Кескіндеме, сурет және коллаж» ;

3.     «Мультимедиялық презентация» .

Байқау соңында жеңімпаздар анықталды:

Бірінші номинация бойынша:

1 орын - Қарағанды  технология және сервис колледжінің оқытушылары Бейсембаева Гульзадуа Сагандыковна, Кротенко Инна Азатовна;

2 орын - Қарағанды жоғары политехникалық колледжі оқытушысы Аукатаева Разия Рымбековна;

3 орын - Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің оқытушысы  Зейнгабива Жанаргуль Муратбековна.

Екінші номинация бойынша:

1 орын - Қарағанды коммерциялық  колледжінің оқытушысы Бузаева Татьяна Тимофеевна;

2 орын - Нұра көпсалалы колледжінің оқытушысы Баймагамбетова Фатима Кикбаевна;

3 орын - Қарағанды машина жасау колледжінің оқытушысы Акимова Юлия Игоревна.

Үшінші номинация бойынша:

1 орын - Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің оқытушысы Адибекова Шынар Зиядакызы;

2 орын - «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінің оқытушысы Шайжанова Гулзада Карифуллаевна;

3 орын – Теміртау индустриалды- технологиялық  колледжінің оқытушысы Турмуратова Бахытгуль Курбанхановна.

Жеңімпаздар дипломдармен, барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.