БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ «ҮЗДІК ТАРИХШЫ 2020»
22-02-2020 11:41
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ «ҮЗДІК ТАРИХШЫ 2020»

Қарағанды облысының білім басқармасы 2020 жылдың 21 ақпанында қалалар мен аудандардың жалпы білім беретін мектептерінің, мамандандырылған мектеп - интернаттарының тарих пәні мұғалімдері арасында «Үздік тарихшы-2020» облыстық байқауын өткізді.

Байқау Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернат базасында өткізілді. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде тарих мұғалімдері әдістемелік әзірлемелер, авторлық бағдарламалар, 2019 жылғы мерейтой даталары тақырыптары бойынша сабақ әзірлемелерін ұсынды. Байқауға барлығы 14 педагог қатысты, оның ішінде Қарағанды – 8, Теміртау – 2, Жезқазған – 1, Сәтпаев – 1, Қарқаралы және Шет аудандарынан 1 мұғалім қатысты.

«Үздік тарихшы - 2020»Облыстық байқаудың финалдық кезеңінің жеңімпаздары:

Бас жүлде - Муслимова Г.М.,№15 ЖББОМ, Теміртау қаласы.

I дәрежелі Диплом-Ақмолдина Т.К.,Ә. Бөкейхан атындағы № 76 ЖББО.

II дәрежелі Диплом-Диханбаева Ф.Т., №2 ЖББОМ Теміртау қаласы, Сағындықова А.Ж., Ы. Алтынсарин атындағы гимназия.Алтынсарин, Шет ауданы.

III дәрежелі Диплом-Шуданбеков А.Ш., Павлов атындағы №35 ЖББОМ, Қарағанды қаласы, Мукашев А. А, №91 ЖББОМ, Қарағанды қаласы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Конкурсқа қатысушылардың сертификаттарын білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, №421 кабинеттен ала алады.