Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы «Талапкер 2020» кәсіби бағдар беру жарнамасының облыстық байқауы
22-02-2020 11:45
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы  «Талапкер 2020» кәсіби бағдар беру жарнамасының облыстық байқауы

2020 жылдың 21 ақпанында«Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы  «Талапкер 2020» кәсіби бағдар беру жарнамасының облыстық байқауы өтті. Байқауға облыстың 67 колледжі қатысты.

Байқауға арналған жұмыстар келесі номинациялар бойынша орындалды:

1.Қарағанды облысында техникалық және кәсіптік білім беруді талап ететін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың тұсаукесері;

2.Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жарнамасы;

3.Кәсіби бейімделу және кәсіби іріктеу бағыты бойынша мектептермен әлеуметтік серіктестік бойынша жұмысты жарнамалау.

Конкурстың негізгі мақсаты - кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша үздік жарнамалық жұмыстарды анықтау, сондай-ақ ТжКБ ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жүйесін жетілдіру.

Қорытындысы бойынша  сайыс жеңімпаздары анықталды.

Бірінші номинация бойынша:

1 орын – «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ;

 2 орын – «Қарағанды облыстық жоғары мейірбике колледжі» КМК;

3 орын – «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК.

Екінші номинация бойынша:

1 орын – «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК;

2 орын – «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;

3 орын – «Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК.

Үшінші номинация бойынша:

1 орын – «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ;

2 орын – «Жезқазған бизнес және көлік колледжі» ЖММ;

3 орын – «Мирас» Теміртау көпсалалы колледжі» ЖММ.

Барлық қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар 1,2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.