Мектептегі медиация қызметінің алғашқы облыстық форумы
25-02-2020 08:44
Мектептегі медиация қызметінің алғашқы облыстық форумы

19 ақпан күні Балқаш қаласында «Білім берудегі медиация – даусыз ортаны құру жолы» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында мектептегі медиация қызметінің алғашқы облыстық форумы өтті.

Форумның ашылу салтанатына Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Саягүл Жақсылықова, «AQJAN» Медиация және білім орталығы ЖШС директоры, кәсіби медиатор Бахыт Тусупбекова арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, форум жұмысына сәттілік тіледі.

Форум аясында форсайт-интенсив шеберлік сыныптары, диспут, дөңгелек үстел, тимбилдинг, тренинг, консалтинг, диалог алаңдары ұйымдастырылды. Іс-шаралар «Отбасы және этика», «Мектептегі медиация – заман талабы», «Конфликт медиациясы: негізгі түсініктер», «Педагогтың медиативтік құзіреттілігі» және т.б. өзекті тақырыптарды қамтыды.

Форумға Балқаш қаласының мектеп директорлары, медиаторлар, сынып жетекшілері, мектептік өзін-өзі басқару мен жас медиаторлар клубының мүшелері қатысты.