"IT Герой" облыстық конкурсы
25-02-2020 16:00

2020 жылдың 5 ақпанында "Теміртау жоғары политехникалық колледжі" КМҚК базасында колледж студенттері арасында бағдарламалау және робототехника бойынша жобалау жұмыстарының "IT Герой" облыстық конкурсы өтті. Барлығы облыстың 18 колледжінен 33 қатысушы қатысты.

Байқау студенттердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру, робототехникада дағдыларды дамыту және бағдарламалау саласында озық тәжірибемен алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау үш номинация бойынша өткізілді:

1.      Робототехника бойынша үздік жоба

2.      Arduino Бағдарламалау

3.      LEGO MS EV3 бағдарламалау

Бұл колледж студенттеріне арналған осындай бағыттағы алғашқы шара.

Radiomart KZ интернет-дүкенінің директоры Илья Сергеевич Синенко қатысушыларды қазылар алқасы ретінде бағалады,сондай-ақ әр номинация бойынша жеңімпаздарға сыйлық сертификаттарын ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Бірінші номинация бойынша-1 орын "Абай көпсалалы колледжі" КМҚК, 2 орын "Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі" КММ, 3 орын "Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі" КММ.

Екінші номинация бойынша - 1 орын "Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-технологиялық колледжі" КМҚК, 2 орын "Қарағанды жоғары политехникалық колледжі " КМҚК, 3 орын"Қарағанды жоғары политехникалық колледжі" КМҚК.

Үшінші номинация бойынша-1 орын "Bolashaq "Қарағанды жоғары колледжі" ЖМ, 2 орын "Қарағанды көлік-технологиялық колледжі" КММ, 3 орын "Қарағанды жоғары политехникалық колледжі"КМҚК.

Қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ әр номинация бойынша құны 15 мың теңге (1 орын), 10 мың теңге (2 орын) және 5 мың теңге (3 орын) сыйлық сертификаттарымен марапатталды.