9 (10) сынып оқушыларын қорытынды аттестациядан өткізу туралы жұмыс топтарының отырысы.
13-14 ақпанда 9 (10) сынып оқушыларын 2019-2020 жылғы оқу жылында қорытынды аттестациядан өткізу туралы жұмыс топтарының отырысы өткізілді.
Қарағанды облысы білім басқармасының тапсырмасымен оқу-әдістемелік орталық қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарих, ағылшын тілі, физика, биология, химия, информатика пәндері бойынша емтихан материалдарын әзірлеу мен сараптау, жұмыс топтарын құру жұмыстарын жүргізді.
Тәжірибелі педагог-пән мұғалімдерінен құрылған әзірлеуші жұмыс топтары мен сараптау топтарының құрамы білім басқармасының бұйрығымен бекітілді.