Педагогтарды қорытынды аттестацияға дайындау үшін оқыту семинарлары.
25-02-2020 16:22
Педагогтарды қорытынды аттестацияға дайындау үшін оқыту семинарлары.
        2020 жылдың 13-17 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Жалпы білім беретін мектептердің 9 сынып оқушыларына пәндер бойынша қорытынды аттестатауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» курсынан өткен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері қорытынды аттестацияға дайындық жөнінде өңірлік оқыту семинарларын өткізді:   

- 17 ақпанда– Абай ауданының қазақ тілі мен әдебиеті, математика, химия, биология пәндерінің мұғалімдері үшін;

- 18 ақпанда– Теміртау қаласының қазақ тілі мен әдебиеті, математика, химия, биология, орыс тілі мен әдбиеті пәндерінің мұғалімдері үшін;

- 24 ақпанда– мамандандырылған және арнайы мектеп-интернаттардың қазақ тілі мен әдебиеті, математика, тарих, география, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері үшін;

- 25 ақпанда– Саран және Шахтинск қалаларының қазақ тілі мен әдебиеті, математика, тарих, география пәндерінің мұғалімдері үшін.