RoboFest 2020 қалалық робототехника фестивалі
26-02-2020 11:36
RoboFest 2020 қалалық робототехника фестивалі

2020 жылдың 24 ақпанында Саран қаласының «Бахыт»  мектеп - балабақша кешені» ЖШС –да RoboFest 2020 қалалық робототехника фестивалі өтті. Фестивальға 8 балабақша қатысты.

Фестивальда балалар ата-аналарымен бірлесіп жасаған роботтар ұсынылды. Ата-аналар мен балалар Lego wedo 1,2 конструкторларын, машиналардың механизмдерін пайдалана отырып, осы роботтарды жасады.  1 «А» сынып оқушысы Карпова Ангелина кез-келген іс-шараларда балалар мен ата-аналарды қуанта алатын «аниматор» роботын құрды, ал «Малыш» б/б тәрбиеленушісі Егор Лепехов ақпарат таратқыш "Оптимус"  роботтын, «Аленушка» КМҚК КМКК Марк Кальбин отбасы «Лунаход» роботын көрсетті. - айға қол жетімді жерлерде өте алатын және сол жерде әртүрлі зерттеулер жасай алатын, б/б «Колобок» тәрбиеленушісі Анна Фролова «Боню» роботын көрсетіп, ол қала бойынша қозғалуға мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесе алады. Ал Пафилов Александр отбасы «Колокольчик» бөбекжай – бақшасы қала көшелерімен қозғала алатын және балалар мен ересек адамдарға жол беретін «Лайт» роботын ұсынды.

       Осы фестивальда балалар Robot mouse, YOHOCUB жарыстарында өз білімдерін және іс-тәжірибелерін көрсете алды. Logo Wedo 1,2 мастер классы Robot mouse бойынша жарыста

1 орынға «Бахыт» ЖШС тәрбиеленушілері, 2 орынға «Аленушка» б/б, «Колокольчик» б/б, 3 орынға «Сәуле» б/б, «Березка» б/б ие болды.

 Сонымен қатар, робототехника бойынша ата-аналарға арналған «Роботтар қаласы» атты мастер-класстар өткізілді, педагог Магер К. Н. ерте жастан балалардың инженерлік ойлау қабілетін дамыту туралы ақпаратпен бөлісті.  Сонымен қатар педагогтар үшін тәрбиеші О. Н. Зинченко «3D үлгілеу» құралын қолдана отырып, мектепке дейінгі балалардың инженерлік ойлауын дамыту атты шеберлік-сағатын  өткізді.

         Іс-шараға № 1 лицей, № 13 орта мектеп, № 38 гимназия оқушылары қатысты. Балалар шаңсорғыш роботты мен спортшы роботын көрсетті.