Механизмы реализации инклюзивного образования в стажерских площадках Карагандинской области
25-05-2015 05:09
Механизмы реализации инклюзивного образования в  стажерских площадках  Карагандинской  области

2015 жылдың 21 мамырында  Қарағанды  облысы білім  беруді  дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарағанды облысының стажер алаңдарында инклюзивті білім беруді жүзеге асыру механизмдері» тақырыбында  семинар-тренинг  өткізді.

Семинар қатысушылары:стажер алаңдарына инклюзивті білім беру бойынша жетекшілік ететін мектеп директорлары мен әдіскерлер.

Семинар мақсаты:

- Қарағанды облысында  инклюзивті  білі беруді дамыту  үшін жалпы білім беретін  мектептердің  желілік  өзара  әрекеттестігін  үйлестіру;

- стажер алаңдарымен  инклюзивті  білім  беруді  жүзеге  асыру  әрекеттерінің  алдағы  жоспарын  белгілеу  және  талқылау.

Семинар барысында келесі маңызды сұрақтар қарастырылды:

- стажер  алаңдарының  өзара  әрекеттестіктерінің  механизмін анықтау;

- стажер алаңдарында инклюзивті білім беру бойынша алдағы іс-әрекет жоспарын анықтау;

- облыстың жалпы білім беру мектептеріне инклюзивті білім беру бойынша енгізілген жүйені жетілдіру.